ҚР ҰСТҚ «Тану туралы сертификат» алды

%d2%9b%d1%80-%d2%b1%d1%81%d1%82%d2%9b-1

Кеше ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті  арнайы сертификат берді.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада  комитетінің ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына берген бұл «Тану туралы сертификаты» қауымдастықтың Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін шынайы әрі ұзақ мерзімде дамыту жөнінде спорттық қызметпен айналысатынын дәлелдейтін құжат болып табылады. Сондай-ақ, ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес біздің қауымдастықты Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми  тануы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінде қауымдастыққа елімізде спорт түрін дамытуға өкілеттілік беретін салалық аккредитациядан өту шарттарының бірі екенін де айтып өткенді жөн көрдік. Аталмыш сертификатты  Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарушы директоры Серік Сейітұлы Қасқабасов салтанатты түрде табыс етті.

Баспасөз қызметі  

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*