Қазақта көкпаршы көп. Себебі, көкпар десе қаны қызбайтын қазақтың ұлы некен-саяқ. Ғасырлар бойы бабаларымыз жаппай көкпардың додасын қыздырды. Қазіргі кезде заман сұранысына ыңғайланған командалық ойын түрін қалыптасты. Бұл көкпарға да төрткүл дүние көз тіге бастады. Басқасы басқа, АҚШ ковбойлары осы ойынға қатты қызығып, мұхиттың арғы бетінде дүркіретіп көкпар тарта бастады. Биылғы жылғы тамыз айында Астанада өткен І Әлем чемпионатына АҚШ-тың 12 ковбойы да қатысып, Азия көкпаршыларымен иық тіресіп көрді. 11 мемлекет бақ сынаған Әлем чемпионатына алдын-ала келіп, екі аптадай көкпардың оқу-жаттығу жиынында шынығып көрді. Жүлдеге ілінбесе де, көкпардың дәмін татып, тамсанып қайтты.
Сол АҚШ ковбойларының таңдайына көкпар дәмін ұнаса керек, енді америкалықтар Қазақ Елінің көкпар мамандарын АҚШ-қа арнайы шақыртып отыр. Бұйыртса, жуырда ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйытқы болуымен бір топ көкпаршы мен жаттықтырушыларымыз Американың Вайоминг штатына аттанбақшы. Барлық салада үздік көрінуге құмар америкалықтар алдағы әлемдік көкпар додасына қапысыз дайындалмаққа осы бастан бел буыпты.
Біздің айтпағымыз, АҚШ-тың емес, өзіміздің 12 көкпар көкжалы. Неге 12 көкпаршы ғана? Рас осы күні барлық облыста, Астана, Алматы қалаларында жеке-жеке көкпар командалары бар. Жыл сайын Қазақстанның көкпар чемпионатына 16 команда түгел қатысып жүр. Осы командалардың үздік ойыншыларынан құралған Қазақстан құрама командасы бар. Ұзақ жылдан бері ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев баптайтын бұл команда көкпардан елімізде ұйымдастырылған халықаралық додада кілең бас жүлдені жеңіп алумен келеді. І Азия чемпионатында, І Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Жанкүйер оқырмандарымыз тани жүрсін, біле жүрсін деген ниетпен Қазақстан көкпар құрама командасының ойыншыларын «Жеңімпаздар» айдарына тағы жарияладық. Қазақстан құрама командасының тұрақты мүшесі, атақтарынан ат үркетін көкпардың 12 көкжалы осы азаматтар.
Суретте: 20-28 тамыз күндері Астанада өткен І Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Қазақстанның көкпар құрама командасы. Солдан оңға қарай: Бақтыбай Шырынқұлов, Атамекен Рүстемов, Манарбек Дүйсенбиев, Абылайхан Нышанбеков, Ермек Көбей, Нұржігіт Мырзабеков, Ұлан Байтөреев, Темірхан Айтбаев, Асланбек Сайдулла, Александр Пупенко, Бағлан Шырынбаев, Құлажан Тоғайбаев.
ШЫРЫНБАЕВ БАҒЛАН
ӘЛІБЕКҰЛЫ
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысыТүлкібас ауданы
Туған жылы: 1982 жылғы 16 мамыр
Ойнайтын командасы: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасы
Спорттағы жетістіктері: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасының шабуылшысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 2013 жылы Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының үш дүркін жеңімпазы (2013, 2015, 2016 жылдар), «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы (2013), Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы фестивалінің жеңімпазы (2015), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
ТОҒАЙБАЕВ ҚҰЛАЖАН
ЕРҒАЛИҰЛЫ
Туған жері: Жамбыл облысы Жуалы ауданы
Туған жылы: 1987 жылғы 14 сәуір
Ойнайтын командасы: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасы
Спорттағы жетістіктері: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасының шабуылшысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және теңге ілуден «Қазақстан Республикасының спорт шебері»,көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бес дүркін жеңімпазы (2009, 2010, 2013, 2015, 2016), көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері (2006), көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының күміс жүлдегері (2007), көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы (2008), «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы (2013), Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалінің екі дүркін жеңімпазы (2011, 2015), теңге ілуден Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (2008), 2013 жылы Көкпардан Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы, І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
ДҮЙСЕНБИЕВ МАНАРБЕК ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы
Туған жылы: 1976 жылғы 9 қаңтар
Ойнайтын командасы: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасы
Спорттағы жетістіктері: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасының қорғаушысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,Қазақстан Республикасының жеті дүркін жеңімпазы (2005, 2007, 2009, 2010, 2013, 2015, 2016), төрт дүркін күміс жүлдегері, «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2003, 2013), ЕуроАзия Кубогінің иегері (2003), Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалінің үш дүркін жеңімпазы (2004, 2011, 2015), Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесі үшін өткен халықтар ойындарының жеңімпазы (2006), 2013 жылы көкпардан Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы, І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
РҮСТЕМОВ АТАМЕКЕН
НӘБИҰЛЫ
Туған жері: Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
Туған жылы: 1984 жылғы 22 қараша
Ойнайтын командасы: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасы
Спорттағы жетістіктері: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасының қорғаушысы, көкпардан және аударыспақтан «Қазақстан Республикасының спорт шебері»,көкпардан Қазақстан Республикасының жеті дүркін жеңімпазы (2005, 2007, 2009, 2010, 2013, 2015, 2016), Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесі үшін өткен халықтар ойындарының жеңімпазы (2006), «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының күміс жүлдегері (2009), Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалінің екі дүркін жеңімпазы (2011, 2015), аударыспақтан Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесі үшін өткен халықтар ойындарының күміс жүлдегері (2006), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
ШЫРЫНҚҰЛОВ БАҚТЫБАЙ
ТӨЛЕШҰЛЫ
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Жаңаталап ауылы
Туған жылы: 1981жыл
Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасы
Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасының шабуылшысы. Көкпардан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Қазақстан Республикасының бес дүркін жеңімпазы (2004, 2009, 2011, 2014, 2017), А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің жеті дүркін жеңімпазы (2007, 2008, 2010, 2011, 2012, 2014, 2016), «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2009, 2013), Азия чемпионы (2013), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
МЫРЗАБАЕВ НҰРЖІГІТ
БАҚДӘУЛЕТҰЛЫ
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Оймауыт ауылы
Туған жылы: 1987жыл
Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасы
Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасының қорғаушысы.
Көкпардан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Қазақстан Республикасының бес дүркін жеңімпазы (2004, 2009, 2011, 2014, 2017), А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің жетідүркін жеңімпазы (2007, 2008, 2010, 2011, 2012, 2014, 2016), «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2009, 2013), Азия чемпионы (2013), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
САЙДУЛЛА АСЫЛАНБЕК
ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы
Туған жылы:1989жыл
Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасы
Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасының шабуылшысы.
Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері», Қазақстан Республикасының жеңімпазы (2012, 2013, 2014, 2017), А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің екі дүркін жеңімпазы (2011, 2012), «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2009, 2013), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
НЫШАНБЕКОВ АБЫЛАЙХАН
ШАЙМЕРДЕНҰЛЫ
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы
Туған жылы:1994жыл
Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасы
Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасының шабылушысы.
Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері», Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының бір дүркін жеңімпазы (2012), Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының екі дүркін жеңімпазы (2012, 2015), Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының екі дүркін жеңімпазы (2014, 2017), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
АЙТБАЕВ ТЕМІРХАН
САДУАҚАСҰЛЫ
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ұзынарық ауылы
Туған жылы: 1982жыл
Ойнайтын командасы:Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасы
Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасының шабуылшысы.
Көкпардан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Қазақстан Республикасының бес дүркін жеңімпазы (2004, 2009, 2011, 2014, 2017), А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің жеті дүркін жеңімпазы (2007, 2008, 2010, 2011, 2012, 2014, 2016), «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2009, 2013), Азия чемпионы (2013), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
БАЙТӨРЕЕВ ҰЛАН
АМАНТАЙҰЛЫ
Туған жері: Жамбыл облысы
Туған жылы: 1979 жылғы 28 қараша
Ойнайтын командасы: Маңғыстау облысының «Адай-Ата» командасы
Спорттағы жетістіктері: Маңғыстау облысының «Адай-Ата» командасының қорғаушысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,
2013 жылы Көкпардан Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (2011, 2012, 2013), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
ПУПЕНКО АЛЕКСАНДР АНАТОЛЬЕВИЧ
Туған жері: Астана қаласы
Туған жылы: 1988 жылғы 7 желтоқсан
Ойнайтын командасы: Маңғыстау облысының «АдайАта» командасы
Спорттағы жетістіктері: Маңғыстау облысының «Адай-Ата» командасының шабуылшысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,
2013 жылы Көкпардан Астана қаласында өткен Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының үш дүркін жеңімпазы (2011, 2012, 2013), І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
КӨБЕЙ ЕРМЕК
РӘТАЙҰЛЫ
Туған жері: Жамбыл облысы
Туған жылы: 1984 жылғы 9 ақпан
Ойнайтын командасы: Маңғыстау облысының «АдайАта» командасы
Спорттағы жетістіктері: Маңғыстау облысының «Адай-Ата» командасының қорғаушысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,
Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы (2011, 2012, 2013), 2013 жылы Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы, І Әлем чемпионатының жеңімпазы (2017).
Төлеген Жәкітайұлы
You have mentioned very interesting points! ps nice website .