Алғашқы қадамдар
Қазақ халқының сан ғасырдан бері аңсаған арманы — тәуелсіз, егемен, қуатты мемлекет құру болған еді. Осы мақсатқа жету жолында қазақтың хандары, билері мен батырлары ғұмырын сарп етіп ұзақ жылдар бойы аянбай күресіп келді. «Мың өліп мың тірілген» халық осы арманға жетер жолда басынан сан қилы заманды, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны», бодандықты, жойылып кетуге азақ қалған қырғын мен сүргінді басынан өткізсе де, еш уақытта мойымады. Өрлігін, ер мінезін, батылдығы мен батырлығын жоғалтпай келді. Қазақ халқы тек қана өздеріне ғана тән: өнері, дәстүрі, салты, ділі, бай тілі бар, шебер, өнерлі халық. Қазақ халқының тарихы өте бай және мыңдаған ғасырдан бастау алады. Аталарымыз асты мен үсті тұнып тұрған байлық, табиғаты да өте сұлу кең байтақ ұлан ғайыр жерді иеленіп, қорып, артындағы ұрпағына сақтауға тырысты. Сондықтан да қазақтың кең байтақ жеріне көз алартқан, оны иеленуді армандаған жаулары да аз болған жоқ. Бірақ, ертеде қазақ хандары мен батырлары, бертінде еліміздің Ұлы көшін бастаған зиялы қайраткерлері, еліміз бен жеріміздің тұтастығын сақтап қалды. Аталарымыздың арманы бүгінгі таңда жүзеге асып, қазақ халқы тәуелсіз, егемен, әлемдік қауымдастықтың ортасынан ойып орын тепкен, жержүзі таныған қуатты мемлекетке айналды. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма жыл толып отыр. Елбасымыз биылғы жылды «Тәуелсіздік жылы» деп жариялады.
Осы уақыт ішінде еліміз қай салада болмасын айтарлықтай зор табыстарға қол жеткізді. Еліміздің экономикасы қарыштап дамып, Қазақстанды әлем мойындады. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдары халқымыздың өшкені жанып, өлгені тірілді, ұмыт болған өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен ежелгі қадыр-қасиеті қалпына келе бастады.
Қазақ халқының ұлттық спорты болғанын өткен ғасырда ұмыта бастаған еді. Қазіргі ел арасына кеңінен тараған: ат жарыстары, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, сайыс, саяткерлік, қазақ күресі, тоғыз құмалақты ұлттық спортқа жатқызып, дамытыу, әлемдік деңгейге көтеру тек еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде ғана мүмкін болды.
Әсіресе, Ұлттық спорттың еркін дамып кең қанат жайуы «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы» құрылған күннен басталды.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары еліміздің болашағын ойлаған озық ойлып, ұлтжанды партиот азаматтар бас қосып, ұлтымызды әлемге танытудың маңызды жолдарының бірі спорт болса, соның ішінде біздің халық үшін ұлттық спортты өткендетіп, дамытып, биікке көтеру болып табылады деп шешті. Алдыға нақтылы мақсат қойып, оны жүзеге асыруға кірісті. Олардың қатарында: Қайрат Сатыбалдыұлы, Рақышев Кеңес, Бекболат Тілеухан, Сәдібек Түгел, Жүнісбаев Несіп Жүнісбайұлы, Ақантай Бауыржан, Ахметов Қанат Ахметұлы, Бисенов Ғиззат Махуұлы, Махметов Сабыржан Ғалымжанұлы, Қанағатов Елсияр Баймұқамбетұлы, Игаев Мақсұт Бейсенұлы сынды азаматтар болды.
Осы азаматтар Астана қаласында Құрылтайшылардың жалпы Құрылтай жиналысына 2004 жылдың қазан айының 29 күні жиналып Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын» құрды. Оған Ұлттық спорттың жеті Қоғамдық бірлестіктерінің президенттері қатысты. Қауымдастықтың алғашқы Президенті болып Қайрат Сатыбалдыұлы, бірінші вице-президент болып Сәдібек Түгел төрт жылға сайланды. Осы жиналыста Қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, Құрылтайшылардың келісім- шарты жасалды.
Оның алдында осы жылдың 12-13 мамыры күндері еліміздің ұлтжанды бетке ұстар азаматтары: Қайрат Сатыбалды, Рқышев Кеңес Хамитұлы, Тлеухан Бекболат Қанайұлы, Заңқоев Қалижан Байырбекұлы, Молдағожин Базархан Молдаспайұлы, Сәрсенбаев Марат Ағыбайұлы, Уматай Абдырахман Искандарұлы, Қараулов Асылхан Аманханұлы, Абдрахманов Болат Үкібайұлы, Нағашыбеков Бүркіт Дүйсенұлы бас қосып Ұлттық спорт федерацияларын құрған болатын. Олар екі күнде жеті федерация құрып, өздері осы федерациялардың құрылтайшылары болды. Ал қазан айында осы федерациялар Ұлттық спорт Қауымдастығының құрамына кірді. Олар төмендегі ұлтымыздың намысын жыртып жүрген еліміздің әр түкпірінен жиналған, алдарына ортақ ұлы мақсат қойған батыл да өжер жігіттер болатын. Алғашқы Қауымдастықтың құрамына кірген Бірлестіктер:
-Қоғамдық бірлестік «Ұлттық ат спорты түрлері федерациясы»
-Қоғамдық бірлестік «Тоғызқұмалақ» федерациясы»
-Қоғамдық бірлестік «Тазы-Төбет-Алабай» федерациясы»
-Қоғамдық бірлестік «Бүркітші» федерациясы»
-Қоғамдық бірлестік «Түйе жарыс» федерациясы»
-Қоғамдық бірлестік «Қазақстан көкбөрілер қауымдастығы «Көкбөрі»
Құрылтайшылардың Қауымдастықты құрудағы алға қойған мақсаты: Қазақстан Республикасында Ұлттық спорт түрлерін жандандырып, насихаттап, әлемдік деңгейге көтеру болды.
Ekrgxx dptcdbalsuwm, [url=http://iepebagrkaak.com/]iepebagrkaak[/url], [link=http://iveohbxmyamq.com/]iveohbxmyamq[/link], http://uwiwggfeqcbj.com/